Шу йилнинг 4-5 сентябр кунлари Нурсултон шаҳрида Қозогистон Ёзувчилар Уюшмаси ташаббуси билан Осиё ёзувчилар Форуми ўтказилади. Форумга дунёнинг 44 та ўлкасидан 100 дан ошиқ таниқли ёзувчи ва шоир таклиф қилинган. Бу ижодкорлар орасида ҳозирда ватанидан узоқда сургунда яшаётган Муҳаммад Солиҳ ҳам бор.
Бу байналминал машварат арафасида “Қозоқ адабиёти” газетаси Муҳаммад Солиҳга бир саҳифа бағишлаб, унинг таржимаи ҳоли ва шеърларини эълон қилди.
Қозоғистон Ёзувчилар Уюшмаси мутасаддиси Солиҳнинг шеърлари қозоқ шеър муҳлислари орасида машҳур эканлигини эътироф этди ва бу йил сўнггида унинг шеърий китоби нашрдан чиқажагини билдирди.
Қуйида Муҳаммад Солиҳнинг қозоқ тилига таржима қилинган шеърларини ўқийсиз.
***
Мұхаммед Салық, өзбек ақыны
Күн күші немесе оңаша пікір
Мұхаммед Салық есімі, шығармалары өзбек халқына жастығына қарамастан жақсы таныс. Көзіне ыстық, көңіліне жақын. Ол шындықты тура айтатын жаңашыл ақын ретінде танымал. Ақынның азаматтық қыры – “Ерік” партиясын құрып, кең ауқымда көпшілікті қозғалысқа түсірген халықшылдық пікірлері мен мақалаларынан анық көрінді. Өмір – айна бетіне тік қарап сөйлеудің не екенін өзбек халқы осынау ұлдарының рухани ояну тұсындағы болмыстарынан аңғарып келеді. Сондықтан, Өзбекстанда өткен Президент сайлауында екінші кандидат болып Салықтың тіркелгені жұртшылықты аса таңдандырған жоқ.
Кезінде “Өркен” газеті ізденгіш ақындар Тілепалды Жамбылов пен Байбота Серікбаевтың ақ өлең формасында жазылған эксперименттік өлеңдерін жариялады. Поэзиядағы эксперимент – ең қызық эксперимент. Қара өлеңге үйренген қазақ құлағына қасаң десек те, ақылман ойға бағындырылған ақ өлең де өз кезегінде оқушысын бей-жай қалдырмайды. Оған әсіресе, Байбота Серікбаевтың сәтті өлеңдері мен жастардан осы формаға алғаш бой ұрып, тұңғыш түрен салған Ұлықбек Есдәулетов жырлары дәлел.
Поэзия – жаңғырып, жаңарып, дамып отырушы диалектика перзенті. Қазақ жастарын өлеңді оқу, түсіну салыстыруға үйретіп, тәрбиелей беру-күн тәртібінен түспес міндет болмағы ләзім. Өйткені, әлемдік Поэзия алға зымырап бара жатқан зымыран кезеңде кей қазақ ауылының балалары ақ өлеңді де, қара өлеңді де оқымауды ғадетке айналдырғаны жасырын емес. Мұның бәрін, өркениетті, көркем ниетті әдеби, мәдени басылымдар жер-жерде жарияланған жоғарыдағыдай ақындардың өлеңдеріне пікір білдіріңдер деп құлаққағыс жасап та, жасамай да, жазудай жазып-ақ жатыр (аудармашыдан)
Көркем жалғандық
Бүгін де шайырлар гүлді бұлбұлға,
Ғашық деп жырласа, сенбеңіз: жалған!
Өйткені, бұлбұлдар өлген де, мұнда,
Гүлдер де қураған бұлбұлдар қонған.
Бүгін де бір шайыр от сезімдегі,
Төрт маусым – төрт ару десе егер де.
Сенбеңіз: маусымның ақ жүзіндегі,
Көркемдік – жалғандық, мұңы тереңде.
Мақтаны “алтын” деп біреу мақтаса,
Оған да сенбеңіз, жетпей аныққа –
Өйткені, ақиқат та жалған, далбаса,
Егер қарсы болса тұтас халыққа!
Сопы
Өз шашымнан шекпен тоқып аламын,
Сүйегімнен жасап пышақ сабын да!
Көлеңкені төсеп ұйықтай саламын,
Көлеңке де ұйықтар менің жанымда.
Жүрек не дер, айтады жұрт әртүрлі,
Мен осындай өмір бастамақшымын.
Өмірімдегі бар рахат, салқынды,
Барлығын да жұлып тастамақшымын.
Сонсоң сынау жарық жалғанда
Қалдырмақпын Күннің күшін тек.
Бір-ақ рет жыласам болды,
Өмірім емес, Шындық үшін деп!
Көп жасаған қарға
Қар-р, қар-р дейсің қарда жүгіріп,
Қар-р, қар-р дейсің шығып ап жарға.
Көресіңді адамнан көріп,
Қарды неге қарғайсың, қарға?!
Беріктігің екен-ау ғажап,
Сен темірден екенсің, кәрі құс.
Түркістанда үш жүз жыл жасап,
Үйренгенің тек қана қарғыс!
Қар-р, қар-р етпей бір ойға келші,
Сен тарихсың көрмеген жұтап.
Қадымнан бір сыр айтып берші,
Ұшып жүрген ей, қара кітап!
«Халық кеңесі» газетінде жарияланды, 24.01.92ж.
Тілшінің айтқаны
«Ерік» сөзі
Атасы емес пе екен «еркек « сөзінің?
Солай болуы мүмкін,
Тек-өткен замандарда.
«Ерік» сөзінде, бәлкім,
Ешқандай мағына жоқ шығар.
«Ерік» сөзі әлде бір
Өліп бара жатқан жауынгерлердің ауызынан шыққан
«Қиқ» – ылдау шығар?
Солай болуы да мүмкін,
Тек – ауған жақтарда.
Біздер үшін болса
Еріншек адам тоқыған сөздей сезілер ол,
Соншалық қысқа:
ЕРІК.
Бүркіт
Құссың,
Оның үстіне бүркітсің.
Қанаттарың кең,
Бұл да жетпегендей, күшті.
Көзің өткір,
Бұл да жетпегендей, екеу.
Жаныңда аспан,
Және аспан бар оның үстінде.
Бұл да кемдік қылғандай,
Құдай бар аспанда.
Бұлардың барлығы жетпегендей,
Сен адам емессің және!
Сызық
Күлді
Маржандай тістерін көрсетіп,
Тілі де “жылт” етті.
Аппақ тастардың артында
Жатқан жыландай.
Шығармашылық жол
Міне, қолы, міне, ақын жатыр,
Осы қолмен тынбай өлең терген.
Ал мынау – ақынның шығармашылық жолы.
Яғни, атақтар –
Мұны халық берген.
Ал енді, мынаусы, ақынның тілі,
Сөйлегенде қуанған, мұңайған.
Бірақ оны халық бермеген, біліңіз,
Онысы – Құдайдан.
Момын
Маған атам үйретті,
Атама – бабасы,
Бабама –бабасы,
Оған ұстазы:
“Мына бетіңе ұрса, ана бетіңді тос” деген қияметті.
Жерде қалдырмадым олардың сөзін:
Мына бетіме ұрды, ана бетімді тостым.
Оң көзімді ойды, сол көзді ұсындым.
Бұл басымды кесті, арғысын…
Айтқандай, құдайдың жанына кетіп барамын қазір,
Арғы басымды сұрап.
Тышқан інінің жаңа бағасы
Мені сат, досыңды сат, сат ағайыныңды,
Сата-сата екі мыңға жақын пұл жина.
Сосын сатып ал мың теңгеге тышқан інін,
Мың сом төлеп өткіз өз атыңа!
Жетілудің соңы
Кешір, мені құдық –
Ескендірдің мүйізі жоқ.
Құдық, мені кешір,
Суыңнан ішейін –
Екі мың жыл саған
Сыбырладым пышыр-пышыр
Ескендірдің мүйізі туралы.
Бірақ, аян болды бүгін ақиқат:
Ескендірдің мүйізі жоқ екен.
Құдық мені кешір –
Мүйіз қайдан болсын,
Бастың өзі болмағаннан соң.
Бір жағынан…
Бір жағынан, жақсы
Бір жағынан – жаман менің өмірім.
Бір жағынан,
Мен туылып қате қылмадым,
Дүниеге келгенім ғажап іс болды.
Екінші жағынан…
Анам есітпесін,
Есіте көрмесін әкем де мұны.
Силлогизм
Мақта– жерде жатқан бұлт қой.
Жоқ. Бұл теңеу көне ғой, мүлдем.
Мақта – аппақ бу шығар, бәлкім?
Иә, дәл өзі:
Диқан сөйлегенде,
Диқан тыныс алғанда,
Аузынан шығатын бу екен мақта.
Диқан болса – адам,
Яғни, ол өлгенше тыныс алады.
Ит
Құйрығы кесік бейшара ит-ай,
Менің саған ашиды жаным.
Жағдайыңа жылау үшін
Маймыл керек.
Бірақ ол жоқ қой, жоқ…
Барлығы хайуанат бағында.
Құйрығы кесік бейшара ит-ай,
Қожайыныңның алдында
Неңді
Бұлғаңдатасың енді?
Түтін
Шегемін.
Темекінің түтіні жеңіл.
Шегемін. Анам келіп ақырын,
Тартады жеңімнен:
-Не болды саған, қаңғыбас,
Күні бойы шегесің,
-Шегемін. Неге?
-Пұл жоғалтып алдың ба,
Әлде, жерің саттың ба,
Жауап бер?
Мен жауап бермеймін, шегемін.
Шегемін-ау, дірілдер жеңім
Түтін шіркін… Соншалық жеңіл!
Еркек
Еркек хат жазса,
Әйел қолдары
Қалтырайды мың шақырым алыста.
Ол қоңырау шалса,
Әйел дауысы
Кірер еркек дауысының қойнына.
Еркек үйге кірер, ал сонда,
Әйел қолдары
Әп-сәтте айналар екі шоқ гүлге…
Еркек үйде болса,
Шырақты ойланбай өшірер мүлде.
Таxрыр
Ақшам ауа ол көрінен тұрды да,
Қабірінің құлпытасына жазылған,
Асқақ, ұлы сөздерді,
Азаптанып, ызаланып өшірді,
Бұл оның соңғы Таxрыры еді.
Aудармашы Мылтықбай Ерімбетов